Әлем футболы

«Атлетико» қақпашысы «Челсиге» ауысуы мүмкін

«Атлетико» қақпашысы «Челсиге» ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Челси» футбол клубы «Атлетико» қақпашысы Ян Облактың агентімен келіссөздерді бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Николо Шира жазды.

Егер бұл келіссөз сәтсіз аяқталса, лондондық клуб назарын «Аякс» қақпашысы Андре Онанаға аударады.

Айта кетейік, «Челси» басшылары 2018 жылдың жазында «Атлетик» клубынан 80 миллион еуроға сатып алған Кепа Аррисабалаганың өнеріне риза емес.

Ал Облактың «Атлетикомен» келісім-шарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды. 2019/20 жылғы маусымда ол мадридтік клуб сапында 48 матчқа қатысып, 36 гол жіберіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер