Басқа

ТМД-ның үздік ұйымы қазақстандық киберспортшыларды қатарына қоспақ

ТМД-ның үздік ұйымы қазақстандық киберспортшыларды қатарына қоспақ
news-banner7
mobile-news-top

Dota 2 ойынан Cyberium Seed командасының ойыншыларына Ресейдің көшбасшы командасы қызығушылық танытып отыр.

Virtus.pro ұйымы Dota 2 ойынан үшінші команда жасақтап, оның сапына Cyberium Seed ойыншыларын шақыртуды қарастыруда.

Cyberium Seed командасының сапында қазақстандық Бекжан b1kA Жәндіров пен Азамат SamSam Байтасов, ресейлік Андрей meLes Романов, болгариялық Стоян lil pleb Костров пен қырғызстандық Медер PuberrrR Дюшекеев өнер көрсетеді.

Дәл қазір Virtus.pro ұйымының Dota 2 ойынан негізгі құрамы және VP.Prodigy бар. Жалпы, ресейлік ұйым ТМД елдерінде мықты командаларды қатарына қосуда тәжірибесі бар. Өткен жылы CS:GO-дан Қазақстанның AVANGAR командасының барлық ойыншысы Virtus.pro ұйымына қосылған еді.

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер