Басқа

WKF пандемиядан кейін жарыс өткізуге арналған нұсқаулық жариялады

WKF пандемиядан кейін жарыс өткізуге арналған нұсқаулық жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық карате федерациясы пандемия ақталғанда жарыс бастайтын ұйымдастырушылар үшін бірнеше нұсқаулық ұсынды.

Нұсқаулық спортшылар мен ұйымдастуршылар, жанкүйерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында құрастырылған. Халықаралық карате федерациясымен қатар басқарушы органныңмедицина комитеті мен жергілік жарысты ұйымдастыру комитетімен бірлесе жасақталған. Нұсқаулық бойынша, өткізілетін әрбір жарыс жергілікті денсаулық сақтау салассының мамандарымен ақылдаса отырып ұйымдастырылуы тиіс.

Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар жарысқа дейін 14 күн қалғанда коронавирус симптомдарына тексерістен өтуге және жарыс алдында тест тапсыруға міндетті. Жарысқа келген спортшыларға санитарлық талапты сақтауға, қол алысып, құшақтап амандаспауға, жеке заттарымен бөліспеуге, сонымен қатар, күнделікті медициналық тексерістен өтіп отыруға кеңес береді.

Ресми өкілдер мен жарыстың марапаттау бөліміне қатысатын еріктілер, спортшылар ара-қашықтықты сақтай отыра марапаттау рәсіміне қатысады. Осы рәсімге қатысушылар міндетті түрде маска тағып жүруі тиіс. Жаттығу залына спортшымен бірге тек бір ғана жаттықтырушы жіберіледі.

Айта кетерлігі, пандемияға байланысты каратеден біраз ірі халықаралық дода кейінге шегеріліп, өткізілетін уақыттары өзгертілген. Атап айтқанда, Мәскеудегі Премьер Лига 1 бәсекесі кейінге шегерілсе, Рабат (Марокко) пен Мадридтегі (Испания) Премьер Лига кезеңдері өткізідмейтін болды.

Ал Әбу-Дабибиде жоспарланған биылғы әлем біріншілігі 2021 жылдың 17-22 қараша күндеріне ауыстырылды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер