Басқа

Куликова: Карантин кезінде спортшыларға арнайы спорт бағдарламасын дайындадық

Куликова: Карантин кезінде спортшыларға арнайы спорт бағдарламасын дайындадық
news-banner7
mobile-news-top

Слаломды есуден Қазақстан құрамасы карантин кезінде өз аймақтарында жаттығуда. Команданың қазіргі жағдайы туралы бас бапкер Светлана Куликова айтып берді деп жазады Olympic.kz.

«Оқу-жаттығу жиындары өтпейтін болған соң, әр спортшы өз аймақтарында дайындалып жатыр. Көктем кезінде Өскемендегі арнайы бассейнде жаттықан едік. Төтенше жағдай режимі енгізілген соң, Zoom бағдарламасы арқылы қашықтан жұмыс істедік. Үй жағдайында жаттығуға арналған жаңа және кешенді бағдарламалар дайындалдық.

Бұл бағдарламаны қазіргі жағдайға икемдеген команданың кеңесші бапкері Д.Беркон екенін айта кеткен жөн. Ол Zoom бағдарламасы арқылы байланысқа шығып, күн сайын өз кеңесін айтуда. Кеңесші бапкердің көмегі көп екенін ұмытпау керек. Қазір спортшылар таза ауада жаттығуда. Көп жағдайда жүгіруге көңіл бөлеміз.

Халықаралық турнирлерге келер болсақ, әлем кубогінің екі кезеңі бар. Бірі қазан айында Словенияда, екіншісі қараша айында Францияда өтеді деп күтілуде. Ал лицензиялық Азия чемпионатының қашан өтетіні туралы нақты мәлімет жоқ.

Қазіргі қиын жағдайға қарамастан, команда мүшелері жақсы көңіл-күйде. Тек Қуаныш Еренғайыпов қана анасының сырқаттанып қалғанына байланысты жаттығудан сәл қол үзіп қалды», - дейді Куликова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер