Басқа

WKF каратэден Мәскеудегі Премьер-лига кезеңін кейінге қалдырды

WKF каратэден Мәскеудегі Премьер-лига кезеңін кейінге қалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) Мәскеудегі Премьер-лига кезеңінің кейінге шегерілгенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық турнир биылғы жылдың 2-4 қазаны аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, ұйымдастырушылар турнирді жыл соңына қалдыруды жөн көріп отыр. Жарыстың нақты өтетін мерзімі кешірек белгіленеді.

«Спортшылар мен жарысты ұйымдастырушылардың денсаулығы біз үшін аса маңызды. Каратешілердің басын қосу үшін біз әлемдегі жағдайды бақылауда ұстаймыз», - делінген мәлімдемеде

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер