ММА

АСА 107: Егембердиев - Насрудинов жекпе-жегі үздік деп танылды

АСА 107: Егембердиев - Насрудинов жекпе-жегі үздік деп танылды
news-banner7
mobile-news-top

ACA лигасы ACA 107 турниріне арналған қосымша сыйақыларды жариялады, деп жазады Prosports.kz.

24 шілдеде Сочиде өткен ACA 107 турнирінде отандасымыз Евгений Егембердиев өнер көрсеткен болатын. Ол Насрудин Насрудиновтен үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

Дәл осы жекпе-жек кештің үздік кездесуі деп танылды. Файтерлер бонус ретінде 10 000 доллар сыйақы алады.

Сондай-ақ, осы кеште өнер көрсеткен Исмаилов, Бибулатов және Акопян мерзімінен бұрын жеңіске жеткені үшін сыйақы (5000 доллар) алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер