Әлем футболы

«Менчестер Сити» - «Реал Мадрид» матчы Португалияда өтуі мүмкін

«Менчестер Сити» - «Реал Мадрид» матчы Португалияда өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Менчестер Сити» - «Реал Мадрид» матчы Португалияда өтуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кездесу 7 тамызда Манчестерде өтеді деп жоспарланған. Алайда Англияда енгізілген жаңа ережеге сай, Испаниядан келгендер сөзсіз 14 күн карантинде отыруы керек. Сол үшін де қос команда арасындағы қарымта ойын өзге елде өтуі мүмкін.

УЕФА бұл жағдайға баса назар аударып отыр. Егер Англияда матч өткізуге мүмкіндік болмаса, «Менчестер Сити» - «Реал Мадрид» кездесуі Португалияның Порту немесе Гимарайнш қаласында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 27 ақпан күні Мадридте өтіп, 1:2 есебімен англиялық клуб жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер