Бокс

Головкинге Ұлыбританиядан екі қарсылас ұсынылды

Головкинге Ұлыбританиядан екі қарсылас ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

FightersTalkTV Youtube-каналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге екі қарсылас ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Канал авторлары британ жерінде жұдырықтасу үшін GGG-ге жергілікті жұлдыздарды ұсынған. Олар - суперорта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен орта салмақта WBA «уақытша» чемпионы кіші Крис Юбенк.

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр қазанда украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізіп, орта салмақта IBF және IBO белбеулерін жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер