Бокс

Минскідегі бокс кеші: тікелей трансляция

Минскідегі бокс кеші: тікелей трансляция
news-banner7
mobile-news-top

26 шілдеде Беларусь астанасы Минскіде бокс кеші өтіп, оған қазақстандық бес боксшы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) екінші орта салмақта WBC Asian, WBA International және WBO Global чемпиондық белбеулерін қорғайды. Он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы - германиялық Нуху Лаваля (27-6, 15КО).

Ал жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5КО) француз Сэнди Мессаудпен (13-6, 1КО) қолғап түйістіреді. Қарсыластар WBA Inter-Continental, IBF Australasian және WBO Oriental белбеулерін сарапқа салады.

Кеш андеркардында Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 2КО) алты раундтық кездесуде босниялық Дразан Джанджанинмен (20-30, 17КО) жұдырықтасады.

Қазақстандық тағы екі боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бек Нұрмағанбет венгриялық Томас Ласкамен (19-21-1, 10КО) күш сынасса, Евгений Павлов хорват Патрик Ренатомен (1-1) кім мықтыны анықтайды.

Минскіден тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Эфирді мына СІЛТЕМЕ бойынша қарауға болады. Трансляцияның басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер