Хоккей

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы клубтың бапкерлер құрамына қосылды

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы клубтың бапкерлер құрамына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы Максим Семеновтің команда жаттықтырушыларының қатарына қосылғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

- «Барыстың» және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Максим Семенов клубтың жаттықтырушылар алқасына қосылды. «Барыс» сапында Семенов қорғаушылармен жұмыс істеуге жауапты болады.

Өскемен қаласының тумасы масабында Ресей Суперлигасында және Құрлықтық хоккей лигасында 900-ден астам ойын өткізді.

2011 жылы Қазақстан құрамасы сапында Азия ойындарының жеңімпазы атанды. «Атлант» (Мытищи) командасымен бірге Гагарин кубогының финалында өнер көрсетті.

2013 жылдан бастап «Барыс» сапында бақ сынады, - деп жазды клубтың ресми сайты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер