Әлем футболы

«Интер» келер жылы Мессиді сапына қосуды көздеп отыр

«Интер» келер жылы Мессиді сапына қосуды көздеп отыр
news-banner7
mobile-news-top

«Интер» келер жылы «Барселонаның» капитаны Лионель Мессиді сапына қосуды көздеп отыр. Бұл туралы Sport Mediaset басылымы мәлімдеді.

Миландық клуб аргентиналық футболшыны сапына қосса демеушілер мен жарнамалық келісімшарттың көп болатынына алға тартып отыр. Сол себепті Мессиге жылына 50 миллион еуро жалақы төлеуге дайын.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, Хорхе Месси тамыз айында Италияға көшіп келмекші. Басылым Лионель Месси мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін деп топшылап отыр.

Айта кетейік, кейінгі уақытта Лионель Месси «Барселонамен» ара-қатынасы нашарлап кетті. Аргентиналық футболшы командасына ауыстыратыны жайлы сыбыстар да көбейе түскен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер