Бокс

Жетісулық қыздар жаһандық жарыстардан жүлдесіз қайтып көрген емес

Жетісулық қыздар жаһандық жарыстардан жүлдесіз қайтып көрген емес
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысының әйелдер құрама командасы Қазақстан чемпионатында кем дегенде 2 алтын медаль алуды көздейді. Алға қойылған талап күшті. Мақсатқа жету үшін Жетісу өңірінің боксшыларына карантин шаралары қиындық тудырған жоқ. Былғары қолғап шеберлері үй жағдайында тынымсыз дайындық жүргізіп жатыр, деп жазады Prosport.kz тілшісі.

Алматы облысында қыздар арасында бокс өнері ерекше дамып келеді. Кейінгі жылдары жетісулық спортшылар ел біріншілігінде топ жарып, ұлттық құрамаға көп шақырту ала бастады. Токио Олимпиадасының жолдамасына да үміткерлер бар. Соның бірі – Баян Ақбаева.

Баян Ақбаева

Баян Ақбаева

БАЯН АҚБАЕВА, БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Қазір туған ауылым Көктұмаға демалысқа келдім. Десе де, күніне бір уақыт бір жарым сағаттан дайындаламын. Басты мақсатым – ҚР чемпионатында топ жарып, Францияда өтетін лицензиялық турнирде жүлдегер атану. Сонымен қатар Токио Олимпиадасына жолама алып, ел намысын лайықты қорғау. Ел біріншілігінде 69 келі салмағында өнер көрсетемін. Басты қарсыласым – Дариға Шакимова мен Валентина Хальзова»



Алматы облысының әйелдер құрама командасы биылғы жылдың маусым айында Алатау баурайында орналасқан «AIBA»Бүкіләлемдік бокс академиясында 15 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізді. Өңір құрамасы сапында Балауса Мұздыман, Баян Ақбаева,Гузаля Садықова сынды халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері болды. Сонымен қатар биыл облыстық спорт мектеп-интернатын бітіріп шыққан болашағы зор боксшыларда құрамаға алынған.

Жангелді Ахметов

Жангелді Ахметов

ЖАНГЕЛДІ АХМЕТОВ, БОКСТАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Қыздардың дайындығы жақсы. Облыс құрамасындағы боксшылардың барлығы елішілік жарыстармен халықаралық турнирлерге қатысып, жүлдегер атанғандар. Биыл қазан айында Нұр-Сұлтан немесе Шымкент қаласында Қазақстан чемпионаты жалуан желбіретуі тиіс. Егер жоспарланған жарыс өтіп жатса, нақ осы қыздарға үлкен сенім артамыз. Біздің қойған талап, 2 алтын алу және командалық есепте үздік үштікке табан тіреу»

Қазір боксшы қыздар карантин талабын сақтай отырып, бапкері берген тапсырма бойынша жеке-жеке дайындалып жатыр. Егер індет сейіліп, елдегі төтенше жағдай шаралары жұмсарар болса, кеңейтілген бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткізбек.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер