Әлем футболы

Хави коронавирус жұқтырды

Хави коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы, қазіргі таңда «Әл-Садд» клубының бас бапкері Хави коронавируспен ауырғанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Бүгіннен бастап командаға қосыла алмаймын. Мені Давид Пратс алмастырады.

Бірнеше күн бұрын коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Бақытымызға орай, мен өзімді жақсы сезінемін, бірақ мен вирустан айыққанша оқшаулануым керек.

Дәрігерлер маған рұқсат берген кезде өз міндеттеріме ораламын», - деді Хави.

Хави 2000 жылдан 2014 жылға дейін Испания құрамасының ойыншысы болды. 2010 жылғы әлем чемпионының алтын медалін жеңіп алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер