Басқа

Қазақстан құрамасы дүниежүзілік шахматтан онлайн-Олимпиадаға қатысады

Қазақстан құрамасы дүниежүзілік шахматтан онлайн-Олимпиадаға қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші Дүниежүзілік шахмат онлайн-Олимпиадасы 25 шілдеде басталады, деп хабарлайды Prosports.kz fide.com сайтына сілтеме жасап.

Қатысушы командалар бес бөлімге бөлінеді (негізгі (базалық), төртінші, үшінші, екінші және жоғарғы дивизион). Жасөспірімдер арасындағы ең үздік командалар жоғары дивизионда бақ сынауға құқылы.

Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстары 21-23 тамыз аралығында өтетін жоғарғы дивизионға бөлінген. Жоғары дивизион командалары он командадан тұратын төрт топқа бөлінеді. Әр топтың үздік үш командасы плей-оффқа шығады. Топ жеңімпаздары ширек финалға шығады. Екінші және үшінші орын алған командалар тағы төрт жолдама үшін ойнайды.

Матчтар алты тақтада ойналады. Команда құрамына кемінде екі әйел, 20 жасқа дейінгі (2000 және одан кіші) шахматшы және 20 жасқа дейінгі бір қыз (2000 ж. және одан төмен) кіруі керек. Әр команда алты адамға дейін резервтегі ойыншы қатыстыра алады.

Онлайн-Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы мынадай:

Ринат Жұмабаев (1 тақта), Мұртас Қажғалиев (2 тақта), Жансая Әбдімәлік (3 тақта), Бибісара Асаубаева (4 тақта), Денис Махнев (5 тақта), Әсел Серікбай (6 тақта). Рустам Хуснутдинов, Әнуар Исмағамбетов, Гүлисхан Нахбаева, Рамазан Жалмаханов және Назерке Нұрғали Қазақстан ұлттық құрамасының резервтік құрамына енді. Команда капитаны - Павел Коцур.

Фото chess.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер