Әлем футболы

«Реал» Зиданның ұлымен келісімшартты ұзартпайды

«Реал»  Зиданның ұлымен келісімшартты ұзартпайды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» команданың бас бапкері Зиннедин Зиданның ұлы, команданың үшінші қақпашысы Лука Зиданмен келісімшартты ұзартпайтын болды.

Өткен маусымда 22 жастағы қақпашы «Расинг» клубында жалда ойнаған болатын. Қазіргі уақыта Зиданды франциялық «Монпелье» командасы өз қатарында көргісі келеді екен.

«Корольдік» клуб Луканың орнына украиналық қақпашы Андрей Лунинді қайтарып алмақшы. Ол өткен маусымды «Овьеда» сапында жалда өткізіп, бас бапкер Зиданның көңілінен шықты. Енді алдағы маусымда ол Тибо Куртураның орнын басатын екінші қақпашы болады.

Еске салайық, биыл «Реал» өздерінің басты қарсыластары«Барселона» клубын артта қалдырып, Испания чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер