Әлем футболы

Алехандро Гомес: Криштиану әдемі қуыршаққа ұқсайды

Алехандро Гомес: Криштиану әдемі қуыршаққа ұқсайды
news-banner7
mobile-news-top

«Аталанта» жартылай қорғаушысы Алехандро Гомес «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың келбеті туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен одан ұлыммен суретке түсуін өтіндім. Ант етейін, ол жасанды адам сияқты көрінеді. Криштиану керемет келбетті екен және әдемі қуыршаққа ұқсайды. Ол - Барбидің бойфренді Кен сияқты. Өте сымбатты», деген Гоместің сөзінен Маrca үзінді келтіреді.

Айта кетелік, ақпан айында португалиялық жұлдыз 35 жасқа толды.

Роналду осы маусымда 43 ойынға қатысып, 34 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер