Қысқы

Әжіғалиев: Мұздағы жаттығуға қайта ораламыз деп ойлаймын

Әжіғалиев: Мұздағы жаттығуға қайта ораламыз деп ойлаймын
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандық спортшылар оқу-жаттығу жиындарын тоқтатты. Қазіргі таңда барлық атлет үйінде жаттығуын жалғастырып жатыр.

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Абзал Әжіғалиев карантин кезінде мұзсыз жаттығуыдың қиынға соққанын айтты.

- Төтенше жағдай режимі алынған соң 2,5 айдан кейін Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынымызды бастаған болатынбыз. Мұзға шығып, 3 жаттығу жасап үлгердік. Карантин режимі қайта жарияланғаннан кейін жаттығу жиынын тоқтатып, спортшыларды үйіне таратты. Енді тамыз айында барлығы реттеліп, мұздағы жаттығуымызға қайтадан ораламыз деп ойлаймын, - дейді Абзал Әжіғалиев.

Айта кетерлігі, Қазақстанда карантин режимі 2 тамызға дейін ұзартылды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер