ММА

Евгений Егембердиев қатысатын ACA 107 турнирі көрерменсіз өтеді

Евгений Егембердиев қатысатын ACA 107 турнирі көрерменсіз өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Absolute Championship Akhmat промоушны 24 шілдеде Сочиде өтетін ACA 107 турнирі көрерменсіз өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz aca-mma.com сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті жанкүйерлер, сіздерге ACA 107 турнирі көрерменсіз, теледидарлық форматта өтетіні туралы үлкен өкінішпен хабарлаймыз.

Біз бұл шараны көрерменмен бірге өткізуге барлық мүмкіндікті жасадық, Роспотребнадзормен турнирде аренада жанкүйерлердің болуын үйлестірдік, бірақ Краснодар өлкесінің әкімшілігінің «жоғары дабыл режимін» 3 тамызға дейін ұзартуына байланысты әлі келісім алған жоқпыз.

Осыған байланысты біз сатып алған билеттері үшін көрерменге ақшаны қайтаруға мәжбүрміз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді сайысты ұйымдастырушылар баспасөз хабарламасында.

Турнирдің басты жекпе-жегі ауыр салмақтағы Магомед Исмаилов пен Александр Емельяненко арасындағы жекпе-жек болмақ.

Сондай-ақ, жарысқа ресейлік Насрудин Насрудиновпен жұдырықтасатын қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (жеңіл салмақтағы ACA рейтингінде 4-ші орын) қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер