Дзюдо

Ерлан Серікжанов: Карантинде қатемен жұмыс істеп жатырмыз

Ерлан Серікжанов: Карантинде қатемен жұмыс істеп жатырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан үкіметі тұрғындарға карантин талабын қатаң сақтауға кеңес беріп, дабыл қағуда. Осыған орай, қазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды.

Қазіргі таңда ұлттық құрама мүшелері үйлерінде жаттығуын жалғастыруда. Дзюдодан ұлттық құрама мүшесі Ерлан Серікжановтың айтуынша карантиннің спортшыларға оң әсері де болған.

– Пандемияға байланысты спорт базаларындағы жаттығу жиындары тоқтатылды. Қазіргі таңда біз үйде карантин талаптарын сақтай отырып, күніне бір мезгіл жаттығуды жалғастырудамыз. Бұл біздің карантиннен кейінгі спортқа кедергісіз қосылуымызға көмектеседі. Осы уақыт ішінде ашық ауада белсенді демалысты да сәтті өткізіп үлгердік. Енді жеке жаттықтырушымен бірге қатемемен жұмысты қолға алдық.

Біз үйімізде оқшаулануда болғанымызбен, құраманың бас бапкері мен дәрігерінің қатаң бақылауындамыз. Дәрігерге күнделікті дене қызуымыз мен денсаулығымыздан хабар беріп отырамыз. Ол бізге саниткарлық талаптарды сақтау керегін айтып, ақыл кеңесімен бөлісуде. Ал бас бапкерге күнделікті жаттығуымыздың видеосын тапсырамыз.

Баршаны отбасы мен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен ауырып жатқан жерлестеріміздің тез айығуын тілеймін. Қалыпты өмірге оралатын сәт те алыс емес деп ойлаймын, - дейді дзюдошы Ерлан Серікжанов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер