Хоккей

«Ақтөбе» сапына ресейлік шабуылшы ауысты

«Ақтөбе» сапына ресейлік шабуылшы ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік шабуылшы Антон Рубан алдағы маусымда «Ақтөбе» сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Шайба.kz мәліметінше, 23 жастағы хоккейші өткен маусымда Новокузнецкінің «Металлург» командасында ойнаған. Ом хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда 10 матчта 6 (2+4) ұпай жинап, кейін ангарлық «Ермак» сапына ауысқан. Бұл клубта ол төрт матчқа қатысқан.

Айта кетейік, Рубанның бұл Қазақстанға алғаш келуі емес. 2018 жылы ол өскемендік «Алтай-Торпедо» сапына ауысып, 20 матчта 11 (3+8) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер