Басқа

Вертянкин: Карантиннен кейін жаттығуға оңай оралуға тырысамыз

Вертянкин: Карантиннен кейін жаттығуға оңай оралуға тырысамыз
news-banner7
mobile-news-top

Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасы карантин талаптарын сақтап, өз аймақтарында жаттығуда. Бұл туралы команда бас бапкері Сергей Вертянкин айтты.

«Оқу-жаттығу жиындары өтпейтін болған соң, спортшылар үйлеріне оралды. Қазір бәрі де өз аймақтарында дайындалуда. Рұқсат етілген кезде спорт залдарында жаттыққанбыз. Қазір барлық жаттығу кезеңі тек үй жағдайында өтуде. Карантиннен кейін негізгі жаттығуларға оңай оралу үшін спортшылар физикалық формасын сақтауға тырысып жатыр. Ал халықаралық жарыстардың барлығы да келесі жылға қалдырылды. Биыл қандай да бір ресми турнирлерге қатыспаймыз», - дейді Вертянкин.

Айта кетелік, еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін созылды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер