Грек-рим күресі

Асхат Ділмұхамедов карантин кезінде қалай жаттығып жатқанын мәлімдеді

Асхат Ділмұхамедов карантин кезінде қалай жаттығып жатқанын мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Асхат Ділмұхамедов карантин талаптарын сақтап, үй жағдайында дайындалуда. Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген шағын сұхбатында мәлімдеді.

«Карантин мерзімін құр-босқа өткізіп жатқам жоқ. Бар мүмкіндікті пайдаланып, үй жағдайында жаттығу жасап жүрмін. Арасында кардиожаттығу үшін тауға шығып қайтамын. Әрине, кілемдегі жаттығуларға жетпейді. Бірақ елдегі жағдайға байланысты бізге өз үйімізде болған дұрысырақ. Бір жағынан, жылдар бойы үйден жырақта, оқу-жаттығу жиындарында жүретін спортшылар үшін мұндай мүмкіндік беріле бермейді. Үйіңде, отбасыңның қасында болған да жақсы әсер етеді. Бапкерлермен, командаластармен түгел байланыстамын. Кілемге тезірек оралатын күнді асыға күтеміз», - дейді балуан.

Еліміздегі карантин мерзімінің созылуына байланысты олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық құрама командалар жаттығу жиындарын түгел тоқтатқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер