Еркін күрес

Қайсанов: Әлем чемпионатының қола жүлдегері атануым мүмкін

Қайсанов: Әлем чемпионатының қола жүлдегері атануым мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық еркін күрес шебері Данияр Қайсанов 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие бола алмағаны жөнінде айтты. Спортшы ҰОК сайтына берген сұхбатында қарсыласы Зелимханның допинг қолданғаны туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Данияр, қазіргі 74 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне қатысты сұрақ қайта көтеріле бастады. Сізді ұтқан француз балуаны допинг қолданды деп айыпталып отыр. Егер медаль сізге бұйыратын болса, бұл жаңалықты қалай қабылдайсыз?

- Қола жүлде үшін күрескен Зелимхан Хаджиевті жақсы танимын. Әлеуметтік желілерде амандық сұрасып тұрамыз. Ол жеті жасында Францияға көшіп кеткен шешен балуаны. Атажұрты Шешенстан. Ал олардың күреске деген көзқарасының қандай екенін білесіздер. Әлем чемпионатында онымен теңдей күрестім деп айта аламын. Тіпті, сол белдесудегі жеңіс менікі секілді көрінген. Бірақ кілемдегі төрешілер басқа шешім қабылдады. Кейін Зелимханның допинг-сынамадан өтпегені туралы хабар тарап, ұйымның ресми сайтында мені қола жүлдегер ретінде көрсеткен. Бірақ Хаджиев та өз құқығын қорғап, сотқа шағым түсірген соң, бұл іс ұзаққа созылып жатыр. Әлем чемпионатының медалі әлі қолыма тиген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер