Басқа

Тимур Құлыбаев: Әлия Раева жанкештілік пен табандылықтың нағыз үлгісін көрсетті

news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық Олимпиадалық комитет барша жанкүйерді SOS балалар ауылының негізін қалаушы, австриялық педагог Герман Гмайнердің жүлдесінде үміткер паралимпиадалық команда мүшесі Әлия Раеваны қолдауға шақырады.

Халықаралық Герман Гмайнер жүлдесі жетімдерге арналған отбасылық SOS балалар үйінде өмірдегі қиындықтарға мойымай өскендерге беріледі. Сондай-ақ, өз саласының (әлеумет, мәдениет, спорт немесе кәсіби спорт) үздігі атанғандар мен өзгелерге көмек қолын созып, қоғамға еңбегі сіңген жандарға табысталады. Аталған жүлдеге барлығы 200-ден астам үміткер болған. Маусым айында финалистер белгілі болды. Сегіз елден сегіз үміткер ақтық сынға жолдама алған. Оның төртеуі – әйел, төртеуі – ер адам. Бүгінде Хорватия, Кения, Болгария, Албания, Эфиопия, Қазақстан, Румыния және Ливия өкілдері өзара бақ сынасуда.

«Әлия Раеваның басынан өткен оқиғалар табандылық пен жанкештіліктің нағыз үлгісі әрі ерік-жігердің кез келген қиындықты еңсеретінінің белгісі. Оның өмір үшін күресте жеңіске жетіп, мұқтаж адамдарға көмектескенін ешбір байқау мен спорттық жарыстағы жеңіс алмастыра алмайды. Бұл спорт арқылы қалыптасатын чемпиондық мінездің көрінісі. Қазақстанның Олимпиада және Паралимпиада комитеті тек жарыс кезінде ғана емес, үнемі бір-бірін қолдау көрсетеді. Біздің олимпиадалық құндылықтарымыздың негізінде сыйластық, ынтымақтастық, бірлік пен баршаға тең мүмкіндіктер беру жатыр. Әлия Паралимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғайды деп шын жүректен үміттенеміз және биік мақсаттарына қол жеткізуіне тілектеспіз», - дейді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер