Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы өтпейді

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының биылғы маусымын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Мұндай шешімге халықаралық одақ медициналық комиссия және турнирді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобымен кеңескен соң келді.

Гран-при сериясының өткізілмеуіне мемлекеттер арасындағы әуе қатынасының толықтай ашылмауы себепкер болып отыр. Сондай-ақ, Жапония бастаған бірқатар елдер спортшыларды жарысқа жіберуден бас тартуда.

"Біз жасөспірімдер арасындағы мұндай ауқымды жарыстың өтпей қалғанына өкініш білдіреміз. Алайда, мұндай қадамға спортшылардың денсаулығын ойлағандықтан барып отырмыз", - делінген ISU ресми мәлімдемесінде.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер