Командалық

«Астананың» бапкерлер құрамы қазақстандық маманмен толықты

«Астананың» бапкерлер құрамы қазақстандық маманмен толықты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубының жаттықтырушылар құрамы тәжірибелі қазақстандық маман Евгений Исаковпен толықты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Евгений Исаков - ұлттық баскетболдың ардагері, Ұлттық лиганың бірнеше дүркін чемпионы және Қазақстан Кубогының жүлдегері. «Отрар», «Тигры Астаны», «Каспий» және «Барсы Атырау» клубтарында өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында да нәтижелі өнер көрсетіп, 2002 жылы жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Жаттықтырушылық мансабын 2015/2016 жылғы маусымда «Барсы Атырау» клубында бастады. Содан кейін ол ақтаулық «Каспийдің» бапкері атанды. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасының жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер