Футзал

«Қайрат» АФК бас бапкердің көмекшісімен жаңа келісімшартқа қол қойды

«Қайрат» АФК бас бапкердің көмекшісімен жаңа келісімшартқа қол қойды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкерінің көмекшісі Сергей Коридзе жаңа келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес ол командада 2023 жылға дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей Гивиевич команда құрамына 2018 жылы бас жаттықтырушы Пауло Рикардо Кака бастаған командамен бірге келді. Осы уақыт аралығында «Қайрат» АФК Кака мен Коридзе жетекшілігімен футзалдан Қазақстан чемпионатын, Қазақстан Кубогын, екі рет ел Суперкубогын жеңіп алды, сонымен қатар, 2018/2019 маусымында УЕФА Чемпиондар лигасы финалисі атанды.

Фото: «Қайрат» АФК.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер