Қысқы

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы академия ашылады

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы академия ашылады
news-banner7
mobile-news-top

Қысқы маусымда Алматыда Global Figure Skating - Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен атындағы Мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Алматы қаласының Мәдениет және спорт басқармасымен және Денистің анасы Оксана Тенмен бірлесіп, 2 жыл бұрын қайғылы жағдайда қаза тапқан елдің ең дарынды мәнерлеп сырғанаушысын еске алуды жалғастыруда.

«Денис Тен мәнерлеп сырғанау академиясы Қазақстандағы осы спорт түрін дамытудың бірыңғай орталығына айналады. Академия қызметі эстетикалық және элиталық спорт түрлерінің бірі - балалар мәнерлеп сырғанау спортын жаппай дамытуға бағытталған. Global Figure Skating академияға әлемнің үздік жаттықтырушыларын тартады. Қазіргі уақытта Оксана Тен Денис Теннің жеке жаттықтырушысы болған Татьяна Тарасова және Фрэнк Кэрроллмен келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген ҚР МСМ хабарламасында.

Академия жобасын Денис өзі жасаған. Осындай жобаны Нұр-Сұлтанда да қолға алу қарастырылып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер