Қысқы

Денис Тен: Адамдарға қуат бергім келеді

Денис Тен: Адамдарға қуат бергім келеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Денис Теннің өмірден озғанына екі жыл толды. Осыған орай, Олимпиада жүлдегерінің атындағы қор Денис ұйымдастырған соңғы мұзды шоу қарсаңындағы спортшының видеосымен бөлісті.

Бес минуттық үзіндіде спорт саңлағы өзінің ең жарқын жобасы – «Денис және оның достары» шоуын не үшін ұйымдастырғанын айтқан.

Денистің ең алғашқы шоуы 2013 жылы өтті. Денис бір мезетте әртістің де, продюсердің де рөлін алып шыққан. Алматы мен Астанада өткен ғажайып шоуда жалпы есебі он мың адам көремен болды. Спортшылар өздерінің сүйікті бағдарламасын көрсетіп қана қоймай, қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірлесе дайындаған арнайы нөмірлерді де жанкүйерге паш етті. Талантты әрі жан-жақты Денис еліміздегі мәнерлеп сырғанау спортын дамытып, халықаралық қатынастарды реттеуге арналған жобалар дайындаған еді. Содан бері Денистің қатысуымен төрт шоу ұйымдастырылды. Ал Денистің қазасынан кейінгі мұзуды шоу 2019 жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында аншлагпен өтті.

Денис ұйымдастырған шоудың концепциясы да керемет болатын. Ол жекелеген спортшылардан гөрі, көрерменді үнемі басты рөлге шығаратын. Денис қазақстандықтарға мәнерлеп сырғанау спортының нағыз майталмандарын таныстырды.

Қор жариялаған үзіндіде 2018 жылдың 9 маусымы күні Астанада өткен шоу қарсаңындағы дайындық кезеңі белгіленген. Әлемдік спортшылардың қатысуымен өткен ауқымды шоудың басты жұлдызы да, басты ұйымдастырушысы да Денис болатын...

«Физикалық қозғалыстар арқылы сен қандай да бір энергия вакуумын жасайсың. Бұл мен бөліскім келетін биоэнергия немесе биомеханика. Менің ішімде адамдарды қуаттандыратындай бір күш бар. Қолымнан келе ма, жоқ па білмеймін, бірақ мұны істей алатынымды сеземін. Кейде жақсы шығады, кейде шықпай қалуы мүмкін. Бірақ сол секундта адамдардың сенің шоуыңа келгенін, өздерінің алтын уақытын, ақшасын бөлгенін, үйінен шығып, шоуды бетке алғанын, қандай да бір жоспарын кейінге қалдырып, кейбіреулерінің арнайы ұшып келгенін, біреулер үшін жақсы күн, біреулер үшін сәтсіз күн болғанын түсінесің де, оларға бар өнеріңді салып, рахат алуына көмектесу қажеттігін сезінесің», - дейді Денис.

Денис үнемі басқаларды ойлайтын. Ол ата-анасының алғысын алған ұл. Бәріне дос бола білген мәнерлеп сырғанаушы. Елінің атын биіктен танытқан қазақстандық спортшы. Ол біздің есімізде осы қалпында қалады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер