Хоккей

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы Қазақстанға оралады

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы Қазақстанға оралады
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алексей Иванов мансабын көкшетаулыұ «Арланда» жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

32 жастағы хоккейші соңғы екі маусымды Оңтүстік Кореяның «Деймунг Киллер Вейлс» клубында өткізд. Бұған дейін ол словакиялық «Попрад», өскемендік «Торпедо», мәскеулік «Спартак», ангарскілік «Ермак» және қарағандылық «Сарыарқа» командаларында өнер көрсеткен.

Сондай-ақ, қақпашы елордалық «Барыс» сапында 11 матч өткізген. Сонымен қатар ол Хельсинкиде және Минскіде өткен әлем чемпионаттарына қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер