Қысқы

Мәдіғали Қарсыбеков: Спортшыларымыз негізгі додаларға дейін бабына енеді

Мәдіғали Қарсыбеков: Спортшыларымыз негізгі додаларға дейін бабына енеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандағы карантин талабына сәйкес, ұлттық құрамалар жаттығу жиындарын өткізбей отыр. Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековтың айтуынша, жаңа маусымға карантиннің кері әсері тиюі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап

"Алдағы маусымға құрамада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбеков, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Галиахметов, Нұртілек Қажығали ерлер құрамасында болса, әйелдер ұлттық құрамасына Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова, Әсел Тайшманова, Яна Хан, Алена Волковицкая және Әлия Әмірғалиева енді. Ал бапкерлер құрамында М.Қарсыбеков, П.Гамидов пен А.Дамуов бар. Карантинге байланысты біз оқу-жаттығу жиындарын кеш бастадық. Мамырда жоспарланған жаттығуға маусым айында кірістік. Мұздағы жаттығу бойынша жоспарымыздан әлдеқайда артта келеміз. Десе де, негізгі додаларға дейін қалпымызға келеміз деп ойлаймын. Карантин режимі қайтадан енгілізгендіктен Нұр-Сұлтандағы оқу-жаттығу жиынымызды тоқтатып, спортшыларды үйлеріне қайтаруға тура келді. Қазіргі таңда шетелдік басқа командалармен тығыз байланыстамыз және олар ешқандай кедергісіз жаттығу жасап жатқандарын айтты. Атап айтқанда, Канада, Америка, Голландия, Венгррия, Франция, Италия, Бельгия, Ресей, Корея мен Қытай командалары жоспар бойынша жұмыс істеп отыр. Осыны ескерсек, ертең маусым басталғанда олармен бәсекелесу қиынға соғады. Биылғы негізі додалар Роттердамдағы әлем чемпионаты, Солт-Лейктегі төрт құрлық чемпионаты, Цюрихтегі универсиада, әлем кубогінің алты кезеңі және қысқы Азия ойындары болуы мүмкін. Алайда, әлі нақты өтетін жерін хабарламады. Спортшыларымыз қазіргі таңда карантин талаптарын сақтап, қатаң бақылауға алынған. Алдағы жоспарымыз туралы ештеңе айта алмаймыз. Себебі, енді барлығы карантиннің қаншалықты ұзақ болатынына тікелей байланысты", - дейді бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер