Басқа

ХОК Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті.

Жарыс кестесі 2020 жылғы нұсқа негізінде бекітілді. Сондай-ақ, ХОК спортшылар жататын орын мен басты баспасөз орталығы және бродкастерлік орталықтың орналасу тәртібін белгіледі.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы жоспар бойынша 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Наурыз айының аяғында ХОК пен Токио ойындарын ұйымдастыру комитеті індетке байланысты Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер