Хоккей

«Бейбарыс» пен ҰХЛ-дың экс-ойыншысы көз жұмды

«Бейбарыс» пен ҰХЛ-дың экс-ойыншысы көз жұмды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Лада» хоккей клубы экс-қорғаушы Алексей Тезиковтың қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

16 шілдеде ол көшеде келе жатып өзін нашар сезінген. Тезиков жедел жәрдем келгенге дейін есін жинай алмай қайтыс болды. Өлімнің нақты себебі әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, Тезиков мансабын қазақстандық «Бейбарыста» аяқтады. Ол Атырау клубында 2014/15 маусымда ойнаған. Ол сонымен бірге қазақстандық «Сарыарқа» және «Бүркіт» клубтарында ойнады.

Сонымен қатар, Тезиков НХЛ-де «Вашингтон» және «Ванкувер» сапында да ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер