ММА

ММА. Жетісулық саңлақтар үнемі ел құрамасы сапынан көрнеді

ММА. Жетісулық саңлақтар үнемі ел құрамасы сапынан көрнеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысының аралас жауынгерлік жекпе-жек ММА құрама командасы қатарынан 4 рет ел чемпионы атануға ниетті. Қазір Жетісулық спортшылардың басым бөлігі жаттығуды үй жағдайында өткізіп жатыр. Негізгі екпін жалпы дене дайындығына берілген, деп хабарлайды Prosport.kz тілшісі

Алматы облысының құрамасы 2017, 2018, 2019-шы жылғы ҚР чемпионатында командалық есепте топ жарды. Биылда Жетісулық атлеттер бас бәйгені жеңіп алуды көздейді. Індет дендеп, қауіпсіздік шараларының күшейген уақыты болса да, спортшылар бабын жоғалтқан жоқ, дейді өңірдің аға бапкері.

Нұрлан Аманқұлов

Нұрлан Аманқұлов

НҰРЛАН АМАНҚҰЛОВ, АРАЛАС ЖАУЫНГЕРЛІК ЖЕКПЕ-ЖЕК ММА-ДЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Мәди Досмұхаметов, Елман Шалқымбеков және Аян Тұрсын Азия чемпионатында барлық қарсласын ұтты. Әлем біріншлігінде күміспен күптелді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Ал, Дастан Жақыпбеков, Аблай Мақсұт, Санжан Жақсылықбаев, Олжас Ержан, Толқын Дәуренбекова, Гүлмира Нұғманова, Үкілай Ахметуәлиқызы спорт шебері болды. Ел біріншлігінде 9 түрлі салмақта ерлер, 7 түрлі салмақта қыздар жарысқа түседі. Осы спортшылардың әр қайсысы Қазақстан чемпионы болуға үмітті. Өйткені, бұл спортшылар осыған дейінгі бәсекелерде мықты екендіктерін дәлелдей білді.»

Алматы облысы құрама командасына өңірдегі үздік деген 25 спортшы енген. Бұл тізімде әлем біріншілігінің жүлдегерлерімен Азия чемпиондары бар. Олардың бірқатары еліміздің қарулы күш құрлымдары мен облыстық полиция департаментінде және өңірлік шұғыл әрекет ету жасағында қызмет етеді.

Мәди Досмұхаметов

Мәди Досмұхаметов

МӘДИ ДОСМҰХАМЕТОВ, АРАЛАС ЖАУЫНГЕРЛІК ЖЕКПЕ-ЖЕК ММА-ДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«2019-шы жылы мен көптеген жарыстарға қатыстып, жеңімпаз атандым. Азия чемпионы болдым. Тайландта өткен халықаралық турнирде қарсыластарымды түгел жеңіп, қазақтың намысын бергенім жоқ. 84 кг. салмағында өнер көрсеткен едім. Мен қазір аптасына 3 рет дайындалам. Кір тасын көтеріп, кермеге тартылам. Ұзақ және қысқа қашықтыққа жүгірем. Бастысы спорттық бабымды сақтау»

Биыл Қазақстан чемпионты Қарағанды қаласында күз айларының бірінде өтеді деп жоспарланған. Қыста Нұр-Сұлтанда әлем біріншілігі жалауын желбіретпек. Жетісулық атлеттер бұл бәсекеде барымызды саламыз, деп жеңін түріп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер