Дзюдо

Жансай Смағұлов: Карантин талабын сақтау - деніміздің сау болуына кепілдік береді

Жансай Смағұлов: Карантин талабын сақтау - деніміздің сау болуына кепілдік береді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда карантин режмі ұзартылды. Сақтық талаптары туралы барлық сала өкілдері дабыл қағып, тұрғындарды қауіпсіздік сақтауға шақырды.

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұловтың айтуынша, карантин талаптарын сақтай отыра, денсаулығымызды да сақтаймыз.

- Індет Қазақстанда өте қатты ушығып тұрғандықтан, қауіпсіздігіміз үшін үйден шықпаймыз. Карантин талабын сақтау - деніміздің сау болуына кепілдік береді. Сондықтан, карантин талаптарын қатаң сақтап отырмыз. Жаттықтырушылар мен дәрігерлермен сөйлесіп, қал-жағдайымыздан хабар беріп отырамыз. Құраманың дәрігеріне дене қызуымыз туралы ақпаратты күнделікті тапсырамыз.

Десе де, карантин кезінде жаттығуды тоқтатқымыз келмейді. Жаттығу залдарының бәрі жабық. Үй жағдайында күніне бір мезгіл, таңертең жаттығу істеп жүрмін.

Карантинде сабырлы, шыдамды болуды, барды бағалауды үйрендім. Пандемия аяқталып, қуанышты жаңалықты еститін күн тезірек туса екен деп тілеймін. Себебі, қазір таныстарымыздан, жақындарымыздан суық хабарды көп естіп жатырмыз. Жауапкершілік танытып, карантин талаптарын қатаң сақтасақ, дерттен тезірек құтыламыз деп ойлаймын, - дейді Жансай Смағұлов.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 2 тамызға дейін карантин режимі енгізілді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер