Басқа

Денис Ровкин: Спортшылардың денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы деңгейде

Денис Ровкин: Спортшылардың денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы деңгейде
news-banner7
mobile-news-top

Жағажай волейболынан Қазақстан ерлер командасының бас бапкері Денис Ровкин карантин кезіндегі спортшылардың жай-күйіне тоқталды.

«Жағажай волейболынан Қазақстан командасы мүшелері мен бапкерлері карантин талаптарын берік сақтауда. Барлығының денсаулығы да, көңіл-күйі де жақсы. Барлығымыз спорттық бабымызды жоғалтпауға тырысып жатырмыз.

Спортшылардың барлығы да қоғамдық орындарға шықпау қажеттігін, әлеуметтік қашықтықты сақтау керектігін жақсы біледі. Әзірге, жалпы дене жаттығуы мен таза ауадағы жаттығуларға көңіл бөлудеміз», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер