ММА

Дастин Порье чемпион Хабиб Нурмагомедовпен қарымта өткізгісі келеді

Дастин Порье чемпион Хабиб Нурмагомедовпен қарымта өткізгісі келеді
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсететін Дастин Порье чемпиондық белбеуінің иегері Хабиб Нурагомедовпен қарымта жекпе-жек өткізкісі келетінін айтты.

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде Нурмагомедов Порьені қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Ал өткен сенбіде Порье Дэн Хукерге қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жетті.

– Мен әлемде екінші нөмірлі спортшымын. Енді титулға үміткер болуға мүмкіндік беретін жекпе-жекке не чемпиондық айқасқа шығамын. Артқа жасар жол жоқ, – деді Порье.

Нурмагомедов келесі кездесуін 19 қыркүйек күні Абу-Даби қаласында болатын UFC 253 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңіл салмақта ұйымның уақытша чемпионы Джастин Гэтжи болып қалуы мүмкін.

Айта кетейік, Дастин Порье соңғы жекпе-жегін Дэн Хукерге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер