Әлем футболы

«Бавария» ойыншысы «Ливерпульге» ауысады

«Бавария» ойыншысы «Ливерпульге» ауысады
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» футбол клубы «Бавария» ойыншысы Тьяго Алькантараға қызығушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық жартылай қорғаушының өзі де АПЛ-да доп тебуге қарсы емес. Ол өзін басқа чемпионаттарда сынап көргісі келеді.

Бірақ бұл трансферге қос клубтың бағаға келісе алмауы кедергі болып тұр. «Бавария» 29 жастағы футболшыны 36 млн фунтқа сатқысы келеді. Бірақ «Ливерпуль» бұл соманың тең жартысындай мөлшерде төлеуге дайын.

Тьягол мен «Баварияның» келісімшарт мерзімі 2021 жылы аяқталады.

Айта кетейік, Алькантара мюнхендік клубқа 2013 жылы «Барселонадан» ауысып келген болатын. «Бавария» сапында 7 маусым өнер көрсетіп, 230 матчқа қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер