Әлем футболы

Бес ойыншы алмастыру жүйесі келесі маусымда да сақталады

Бес ойыншы алмастыру жүйесі келесі маусымда да сақталады
news-banner7
mobile-news-top

Келесі маусымда әлем футболында бес ойыншы алмастыру мүмкін болады, деп жазады Sky Sports Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесіне сілтеме жасап. Тиісті шешім FIFA-ның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бес ойыншы алмастыруды қолдануға болатыны туралы шешімді турнир ұйымдастырушыларының құзырында екені баса айтылды. Яғни, ереже барлық турнир үшін міндетті емес.

Ойыншы алмастыруды көбейту ережесі коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған маусымды қайта жалғастыру барысында қолданылады. Ұзақ үзілістен кейін ойыншылар жүктемеге төтеп бере алмайтыны ескерілді.

Бес ойыншы алмастыруға рұқсат беру ойыншыларға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, клубтарға бұрынғыдай үш ойыншы ауыстыру міндеттеледі. Яғни, кем дегенде екі алмастыру қосарланған болуы шарт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер