ММА

Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы: Жанкүйерлердің пікірін елемеймін

Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы: Жанкүйерлердің пікірін елемеймін
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық спортшы Раулиан Пайва UFC аясында өткен жекпе-жекте Жалғас Жұмағұловты жеңген соң қазақстандық жанкүйерлердің қаһарына ұшырады.

Жанкүйерлер төрешілер әділетсіз шешім қабылдады деп есептейді. Ал Раулиан Пайва болса Elmagro.com басылымына берген сұхбатында әлеуметтік желідегі пікірлерді елемейтінін айтты.

– Шынымды айтсам, бұған мән беріп, жүрегіме жақын қабылдамаймын. Олардың отандасын жеңгенім үшін маған ашулы екенін түсінемін, бірақ маған бәрібір. Пікірлерді оқығанда жәй күліп қана жауап беремін, - деді бразилиялық спортшы.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер