Күрес

Жамиля Бақбергенова: Елдегі жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырамын

Жамиля Бақбергенова: Елдегі жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырамын
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының мүшесі Жәмила Бақбергенова карантин жағдайында қалай жаттығып жүргенін баяндады.

«Қазір бәрімізден жауапкершілік талап етіледі. Өзіміздің, айналамыздағы жандардың қауіпсіздігі үшін бар күшімізді салудамыз. Бізге айтылған сақтық шараларын қатаң сақтанып, талаптарды орындауға тырысамыз.

Аулада, ашық ауада дайындалуға рұқсат берілгендіктен, күніне бір мезгіл жаттығамыз. Үй жағдайындағы жаттығу бізге формамызды сақтауға, карантиннен кейін де жиынды жалғастыруға көмектеседі», - дейді Бақбергенова.

Айта кетелік, еліміздегі карантин кезеңі 2 тамызға дейін созылды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер