Басқа

Спортшылардың денсаулығын сақтау бойынша қосымша шаралар әзірленді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі онлайн жиналыс өткізді. Күн тәртібінде коронавирус пандемиясының екінші толқыны туралы мәселелерді талқылады. Екі басқарма отандық спортшылардың денсаулығын сақтау бойынша қосымша шаралар кешенін бірлесіп әзірлеуге кірісті.

Отырыстың нәтижесінде қазақстандық спортшыларға сапалы медициналық көмек көрсетуге, пандемияның екінші толқыны жағдайында қауіпсіз жаттығу процесін ұйымдастыруға және спортшылардың денсаулығын қорғауға бағытталған басқа шараларды әзірлейтін және іске асыратын жұмыс тобы құрылды.

«Ұлттық олимпиадалық комитеті мемлекеттік тапсырма бойынша спортшыларды даярлаушы ұйым. Спортшыларды қажетті барлық нәрсемен қамтамасыз етуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен өзара әрекеттесудің жетілдірілген жүйесі бар.Сондықтан, қосымша күшті пай Наурыз айында Ұлттық Олимпиадалық комитетте оқшаулану жағдайында спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, бақылауға алуға арғанлған арнайы штаб құрылды. Штабтың мақсаты біз үшін спортшының саулығы мен амандығы, денсаулығының қаіпсіздігі бірінші орында екенін көрсетуге арналған. Біз қазір қиын жағдайға тап болдық. Бүгінгі таңда жедел мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдерді енгізу, іске асырылған шаралар мен қабылданған шараларға қосымша адам ресурстарын тарту қажет. Эпидемиологиялық жағдайдың жылдам өзгеріп отыруына байланысты спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолда бар ресурсты дұрыс әрі тиімді пайдалану керек. Бүгінгі жиналыс осы мәселені шешуге арналған» - деді кездесу барысында ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер