Magzhan Football
Футбол

Бұндай қаржылық фэйр-плей кімге керек?

Бұндай қаржылық фэйр-плей кімге керек?
news-banner7
mobile-news-top

Ақпан айында «Манчестер Сити» демеушілік келісімшарттардың құнын жасанды түрде көтермелегені үшін және ойыншылардың имидждік құқықтарын серіктес компанияға бергені үшін Чемпиондар лигасынан екі жылға шеттетіліп, 30 миллион еуро айыппұлға шалынған болатын.

Кеше УЕФА бұл сұрақ бойынша шешім қабылдады. «Ман Сити» Чемпионар лигасынан шеттетілмейді, екі жылдық бан кешірілді. Оның орнына клуб 10 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеп, әрі қарай ешқандай шектеусіз жарысқа қатыса береді.

Бұл шешім қалай қабылданды?

CAS «Ман Сити» клубтарды лицензиялау ережелерімен қаржылық фэйр-плейді бұзғаны үшін УЕФА-ға 10 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуге тура келетінін айтты.

Сонымен қатар, сот басқа қателіктердің анықталмағанын және кейбір заңбұзушылықтардың мерзімі өтіп кеткенін айтты.

УЕФА-ның мәтіні: «Қарастырылған 5 жылдық мерзімдегі ережеге байланысты, «Ман Ситидің» көптеген заңбұзушылықтары үшін шектеу мерзімі аяқталды».

Гвардиоланың жобасы әрі қарай жалғасады

Шектеу алынғаннаң кейін «Ситидің» үздік ойыншыларының басқа клубтарға ауысу қаупі сейіліп, команданы қайта жасақтау процесін жүзеге асыру мүмкіндігі туды.

Гвардиола «Ситиде» кемінде келісімшарты аяқталғанға дейін (2021 жыл) қалады.

Ой

УЕФА-ның осындай шешімдерінен кейін «қаржылық фэйр-плей кімге керек?» деген сұрақ туындайды.

Әзірше бұл ережелер тек кедей клубтардың қудалап, бай клубтарды айналып өтуге арналған сияқты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер