Басқа

Батырбек Есдәулетов: Үй жағдайында жаттығу қатемен жұмыс істеуге көмектеседі

Батырбек Есдәулетов: Үй жағдайында жаттығу қатемен жұмыс істеуге көмектеседі
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда карантин режимі созылды. Осыған байланысты қазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды. Ұлттық құрама спортшылары бүгінде бас бапкерлердің қатаң бақылауында.

Таевондодан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов Olympic.kz сайтына спортшылардың қазіргі жай-күйін айтып берді.

«Оқу-жаттығу жиындары тоқтатылғаннан кейін барлық спортшылар үйлеріне оралды. Қазіргі таңда спорт залдар да жабық болғандықтан спортшылар үйлерінде аулада дайындалуды жалғастыруда. Руслан Жапаров армия орталық спорт клубында, Нұрлан Мырзабаев Түркістанда оқу-жаттығуға қатысса, Жансель Дениз Астана қонақ үйінде тұрып, сонда жаттықты. Ол кеңесші жаттықтырушы Ко Дже Пиль бақылауында болды. Бүгінде Женсель Тұркияға анасының қасына кетті. Қазір спортшылар ортақ тобымызда өздерінің қал жағдайларын ескертіп, күн сайын денсаулықтарынан хабар беріп отырады.

Халықаралық жарыстарға келетін болсақ, барлғы қазірде коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап тұр.

Үй жағдайында жаттығу спортшылардың толық формасын сақтауына кепілдік бермейді. Десе де, осы уақытқа дейін жіберген қателіктермен жұмыс істеп, шыдамдылықтарын шыңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда көп нәрсе спортшылардың өзіне тікелей байланысты», дейді Батырбек Есдәулетов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер