Командалық

ВТБ Біріккен Лигасының жаңа маусымы 20 қыркүйекте басталады

ВТБ Біріккен Лигасының жаңа маусымы 20 қыркүйекте басталады
news-banner7
mobile-news-top

ВТБ Біріккен Лигасының 2020/21 жылғы маусымына барлық 13 клуб, соның ішінде «Астана» баскетбол клубы да қатысады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы турнирдің ресми сайтында хабарланды.

Өткен маусымдағыдай, чемпионатта биыл да тоғыз ресейлік және төрт шетелдік команда бақ сынасады. «Астанадан» бөлек «Зелена Гура», эстониялық «Калев» және «Цмоки-Минск» (Белорусь) командалары қатысады.

14 шілдеде өткен лиганың онлайн-кеңесінде қатысушылардың құрамы, чемпионаттың форматы мен 2020/21 жылғы маусымға арналған ережелер бекітілді. Кезекті маусым 20 қыркүйекте басталады.

Айта кетейік, ВТБ Біріккен Лигасының соңғы маусымы коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер