Басқа

Тұрсынбаева: Біз қазір "әркім өзі үшін" деген ұстаныммен жүре алмаймыз

Тұрсынбаева: Біз қазір "әркім өзі үшін" деген ұстаныммен жүре алмаймыз
news-banner7
mobile-news-top

Әлемде жайлаған коронавирус індетіне байланысты карантин режимі күшейтілуде. Осы орайда, үкімет пен қоғам белсенділері қауіпсіздікті сақтануға шақырып, дабыл қағуда. Өз кезегінде спортшылар да жанүйерлерін жағдайға бей-жай қарамауға үндеп жатьр.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева инстаграмдағы ресми аккаунтында сақтық шарасын сақтану туралы арнайы жазба қалды.

Жазбада ол карантин режимінде барлығын үйде болуға шақырды.

- Құрметті достар, үйде болыңыздар және санитарлық талапты толық сақтаңыздар! Қазіргі таңда көбісі ауырып жатыр. Өкінішке қарай, аурудан айға алмағандар да бар... Біз қазіргі жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, қолымыздан келгеннің бәрін жасасақ, жағдай реттеледі деп сенемін. Біз мұндай жағдайда "әркім өзі үшін" деген ұстаныммен жүре алмаймыз. Тек бірлесіп қана жеңе аламыз. Тек карантин режимін қатаң сақтану арқылы ғана жеңіске жетеміз, - дейді Элизабет Тұрсынбаева.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер