ММА

UFC: Петр Ян топ-15 спортшының қатарына енді

UFC: Петр Ян топ-15 спортшының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Ең жеңіл салмақ дәрежесінде UFC чемпионы Петр Ян америкалық промоушеннің ең үздік 15 файтерінің тізіміне енді, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік спортшы аталған тізімде 13-орында тұр. Бірінші орынды жартылай ауырсалмақтағы UFC чемпионы Джон Джонс, екінші орынды жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов иеленеді. Ал үздік үштікті ауыр салмақтағы UFC чемпионы Стипе Миочич түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Петр Ян Абу-Дабиде өткен UFC 251 турнирінде бразилиялық Жозе Алдоны жеңіп, чемпион атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер