Хоккей

«Барыстың» экс-капитаны ресми түрде жаңа клубпен келісімшартқа отырды

«Барыстың» экс-капитаны ресми түрде жаңа клубпен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Найджел Доус «Ақ Барс» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазандық клубпен келісімшарт бір маусымға жасалды. Келесі маусымнан бастап Найджел ҚХЛ-да легионер болып саналмайды.

Еске салайық, 35 жастағы хоккейші 2011 жылдан 2018 жылға дейін «Барыс» сапында ойнады. Ол сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті.

Соңғы екі маусымда Доус «Автомобилист» командасы үшін тер төкті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер