Басқа

Алексей Писцов: Халықаралық жарыстар туралы нақты мәлімет қыркүйекте анықталады

Алексей Писцов: Халықаралық жарыстар туралы нақты мәлімет қыркүйекте анықталады
news-banner7
mobile-news-top

Семсерлесуден Қазақстан командасының бас бапкері Алексей Писцов карантин кезінде ұлттық құрама спортшыларының немен шұғылданатынын жеткізді.

"Қазақстанда карантин талаптары күшейтілген соң, спортшылар өз үйлерін бетке алды. Бүгінде команда мүшелері түгелдей үйінде. Олардың әрқайсысы үй жағдайында жаттығу жасап жатыр. Бапкерлер құрамы команданы бақылауда ұстауда. Өйткені, қазіргідей қиын кезеңде спортшылардың денсаулығын сақтау аса маңызды. Спортшылар негізінен жалпы физикалық жаттығуларға көңіл бөледі. Спорттық форманы жоғалтпауға тырысады. Ал халықаралық жарыстар тізбегіне келер болсақ, әлемдік ұйымнан нақты хабар жоқ. Қыркүйек айының соңында ғана жарыс кестесі белгілі болады", - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, елімізде енгізілген карантинге байланысты олимпиадалық спорт түрлерінен құрама командалар жаттығу жиындарын тоқтатты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер