ММА

ONE Championship қазан айына дейін 10 турнир өткізеді

ONE Championship қазан айына дейін 10 турнир өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Азиялық ірі ONE Championship промоушны коронавирус пандемиясынан кейін, алғашқы турнирін 31 шілдеде Бангкокте өткізеді.

Ұйым қараша айына дейін 10 турнирді өткізуді жоспарлап отыр. Өтетін уақыты да белгілі: 14 тамыз, 21 тамыз, 28 тамыз, 11 қыркүйек, 18 қыркүйек, 25 қыркүйек, 9 қазан, 16 қазан, 30 қазан.

Бұдан бұрын, азиялық промоушн мамыр айына жоспарланған турнирінің ешқайсысын өткізген жоқ. Ұйым басында өзінің ивенттерін жанкүйерсіз өткізбек болған, алайда шекаралардың жабық болуына байланысты идеядан бас тартты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер